ШҚО-да Қонақжайлылық колледжі ашылады
Фото: Махаббат Ахметжанова
Өңірде туризмді дамытуға бағытталған кешенді жоспар қабылданды. Болашақта әр аудан үшін жеке даму жоспары әзірленеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алайда алдағы уақытта өңірде нақты әрі нысаналы стратегиялар – әр ауданға арналған жеке мастер-жоспарлар әзірленбек.
Қазіргі уақытта бірнеше кешенді даму стратегиясы дайындалу үстінде.
Жеке жоспарлар дайын болғанша өңір билігі алдын ала жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыра береді. Мәселен, облыс орталығының парктік аймағында Қонақжайлылық колледжі ашылмақ. Онда туризм саласы қызметкерлері – гидтер, даяшылар, тазалықшылар, аспаздар және басқа да мамандар даярланады.
Сонымен қатар өңірге жаңа қоғамдық тамақтану брендтерін тарту көзделіп отыр. Бұл мәселеде облыс басшылығы кәсіпкерлерден қолдау көрсетуді сұрайды.