Тасқынға – тосқын: Өскеменде азаматтық қорғаныс қызметтерінің байқауы өтті (видео)
Су тасқыны қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде, сондай-ақ облыста су тасқыны өтуінің бірінші кезеңінің басталуына байланысты Өскеменде су басу қаупін уақтылы жою үшін тартылатын азаматтық қорғаныс қызметтерінің күш-құралдар байқауы өткізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Байқауды Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Фархат Әміре өткізді. Олар құтқару құралдарының болуы мен жағдайын, техниканың авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайындығын тексерді. Құрылымдардың басшылары су тасқыны қаупі жағдайындағы міндеттер мен іс-қимылдарға дайындық туралы баяндады.
Байқауға жоғары өтімді техника, жүзу құралдары, техника мен ҚР ТЖМ - 68303 ЖЖ-2-батальонының жеке құрамы жұмылдырылды.
Барлығы ТЖБ жеке құрамының 50 адамы және 75 техникасы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан 70 адам жұмылдырылды.