ШҚО ХҚКО-ларында жұмыс кестесі өзгереді

2025 жылдың 26 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшуде, деп "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы хабарлайды.
Енді облыс бойынша ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейтін болады. Демалыс күндері-сенбі және жексенбі.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жеке кесте бойынша жұмысын жалғастырады: дүйсенбіден жұмаға дейін – 08:00 – ден 19:00-ге дейін, сенбіде-08:00-ден 12:00-ге дейін. Түскі үзіліссіз.
Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша кезекші ХҚКО Өскемен қ., Белинский к-сі, 37А және мамандандырылған ХҚКО –Самар тас жолы 23 мекенжайында орналасқан.