KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
504.34 556.34 5.97

1 сәуірден бастап не өзгереді? Басты жаңалықтар

pixabay.com

1.04.2025, 11:00 286 Төлеуғазы Жансая

Сәуір айының алғашқы күнінен бастап елімізде бірқатар маңызды өзгерістер енгізілуде. Бұл жаңашылдықтар білім беру, салық төлеу, көлік және сақтандыру салаларын қамтиды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мектептерде төртінші тоқсан басталды
Бүгіннен бастап Қазақстандағы мектептерде төртінші тоқсан басталды. Ол 1 сәуірден 25 мамырға дейін жалғасады. Бұл оқу жылының соңғы кезеңі болғандықтан, оқушылар үшін аса маңызды. Осы уақыт аралығында олар жыл бойы алған білімдерін пысықтап, қорытынды бағаларын алады.

Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау басталды
Биыл мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын бүлдіршіндер үшін ата-аналардан өтініш қабылдау басталды. Қабылдау үдерісі бірнеше айға созылып, барлық қажетті құжаттарды уақытылы тапсыру талап етіледі.

Көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады
2024 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Егер салық белгіленген уақытқа дейін төленбесе, 2 сәуірден бастап салық органдары борышкерлерге ресми хабарлама жолдай бастайды. Уақытында төлемеген жағдайда айыппұлдар қарастырылуы мүмкін.

Мопедтерді тіркеу міндеттеледі
5 сәуірден бастап заңды түрде тіркелмеген мопедтердің қозғалысына ресми түрде тыйым салынады. Яғни, мопед иелері өз көліктерін заңды тіркеуден өткізіп, нөмір алуы тиіс. Бұл талап жол қозғалысын реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Жүргізушілерге арналған жаңа сақтандыру жүйесі енгізіледі
7 сәуірден бастап көлік жүргізушілері үшін сақтандырудың жаңа жүйесі күшіне енеді. Бұл өзгеріс көлік иелерінің сақтандыру полистерін рәсімдеу тәртібіне қатысты жаңашылдықтарды қамтиды. Жаңа жүйенің негізгі мақсаты – сақтандыру үдерісін жеңілдету және оны жүргізушілер үшін барынша ыңғайлы ету.

Сәуір айынан бастап енгізілетін бұл өзгерістер ел азаматтарының күнделікті өміріне әсер ететін маңызды қадамдар болып табылады. Сондықтан әрбір жаңашылдыққа назар аударып, қажетті шараларды уақытылы қабылдау ұсынылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу