KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
504.34 556.34 5.97

Үбі өзеніндегі ГЭС-тер каскады стратегиялық нысандар тізіміне енді

depositphotos.com

1.04.2025, 15:12 181 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысындағы Үбі өзенінде салынатын су электр станцияларының каскады Үкімет қаулысымен ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізіміне енді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл жобаның басты мақсаты – өңірдегі су тасқыны қаупін азайту және елді мекендерді табиғи апаттардан қорғау. ГЭС-тер каскады тасқын суларды бақылауға мүмкіндік береді, сондай-ақ су ресурстарын тиімді басқаруға ықпал етеді.
Жоба аясында жалпы сыйымдылығы 500 миллион текше метрге дейінгі су қоймалары кешені салынады. Нәтижесінде ауыл шаруашылығына қажет 3 мың гектардан астам алқап суарылып, тұрғындар мен өндірістік кәсіпорындар сумен жабдықталады. Сонымен қатар станция қосымша экологиялық таза электр энергиясын өндіреді.

– Үбі өзенінде ГЭС-тер каскадын салу өңірдің гидроэнергетикалық инфрақұрылымын дамытуды жеке инвестиция тартуды көздейді. Бұл жоба жаңартылатын энергия көздерінен қосымша қуат өндіру арқылы еліміздің жасыл экономика саясатына сәйкес жүзеге асырылады, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұл жоба Шығыс Қазақстандағы энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып қана қоймай, табиғатты қорғау шараларына да оң әсерін тигізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу