KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
504.34 556.34 5.97

ШҚО-да қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

pexels.com

2.04.2025, 09:00 196 Әбішев Ержан

«Қазгидромет» ШҚО филиалы 2 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар, ал күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр жауатынын болжады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Түнде және таңертең батыс, солтүстік, шығыс өңірлерде тұман түседі. Оңтүстік аудандарда солтүстік-батыс желінің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Өскеменде түнде және таңертең жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ күтіледі.

Төтенше жағдайлар қызметінің ескертуі:

Жүргізушілерге – жылдамдықты асырып, жолда қауіпсіз қашықтықты сақтауға кеңес беріледі.

Жаяу жүргіншілерге – жарақат алу қаупін азайту үшін сақтық шараларын қабылдау қажет.

Қатты жел кезінде – электр сымдарына, шайқалып тұрған заттарға жақындамаңыз, аялдамалар мен ағаштардың астында тұрмаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу