KZ
Өскемен
+28°
небольшой дождь жел 8 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

Өскеменнің басты көшесінде қасбеттер жаңартылып жатыр

7.04.2025, 17:40 177 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласының орталығындағы Назарбаев даңғылы бойында орналасқан тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары басталды. Қазіргі таңда Металлургтер саябағынан Комендантка көпіріне дейінгі аралықтағы 14 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала әкімі жөндеу сапасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

— Бұл – қала қонақтары көп жүретін басты көшелердің бірі. Үйлердің келбеті Өскеменнің имиджіне әсер етеді. Сондықтан тек сапалы материалдар қолданылып, жұмыстар қатаң бақылауда болады, — деді қала басшысы.

Сонымен қатар, кейбір үйлер кепілдік шеңберінде қайта сырлануда. Бұған дейін пайдаланылған бояулардың сапасыздығы салдарынан бояу қабырғадан тез түсіп кеткен. Кейбір нысандар үшінші рет сырлануда.

Айдос Мырзахметов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу