KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Риддердің автобус паркі тағы 15 көлікпен толығады

Фото: Тілеубек Шаяхметов

14.12.2023, 14:01 124

Алдағы уақытта Риддер қаласының автобус паркі 15 жаңа жолаушы көлігімен толығады.

Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаевтың айтуынша, жаңа автобустар Семей қаласындағы Daewoo зауытында құрастырылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Автобустар құрастырылып қойған, дайын тұр деуге болады. Қазір лизинг мәселесін шешудеміз. Бұдан кейін оларды қаламызға жеткізіп, ел игілігіне беретін боламыз, – деген қала әкімі «СемАЗ» компаниясына 24 жаңа автобус құрастыруға қатысты алдын ала төлем жасалғанын да хабарлады. – Бес автобусты қазан айының соңында қаламызға жеткізіп қойғанбыз. Бүгінде бұл автобустар қалаішілік маршруттар бойынша қатынауда.

Жалпы, соңғы жылдары кеншілер шаһарында қалаішілік автобус маршруттарына қатысты көп сын айтылуда. Риддерліктер әсіресе, көліктердің сапасыздығына жиі шағымданып, сан мәрте автобус паркін толықтыруды сұраған. Осыны ескерген қала басшылығы Семейден сужаңа автобустар сатып алуды ұйғарыпты.

Бұған дейін қала әкімдігі жергілікті маршруттарды толық жабу үшін шамамен 30 қоғамдық көлік бірлігі қажет екенін хабарланған болатын. Қазір Риддерде 18 автобус бар.

Нұржан Кенжеұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив