KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 2 м/с, СШ
515.03 584.82 6.24

ШҚО әкімі Әнуарбек Мұхтархановты мерейтойымен құттықтады

8.04.2025, 13:50 218 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 70 жасқа толған белгілі мемлекеттік қызмет ардагері Әнуарбек Мұхтархановты құттықтап, оған зор денсаулық, табыс және бақыт тіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әнуарбек Мұхтарханұлының еңбек өтілі – 45 жыл. Оның кәсібилігі мен жауапкершілігі әріптестері мен жас мамандар үшін үлгі. 1980 жылы мемлекеттік қызметке кіріскен ол облысымыздың бірнеше ауданында әкім, аудандық кеңестің төрағасы, ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

– Әнуарбек Мұхтархановтың еңбек жолы –  кәсібиліктің және қызметке деген адалдықтың айқын үлгісі. Зейнетке шықса да, ол әлі күнге дейін жастарға кеңес беріп, белсенді өмір салтын ұстанып келеді. Әнуарбек Мұхтарханұлы әрқашан тәжірибесімен бөлісуге дайын және өз ісіне адал қызмет етеді. Шын жүректен оған зор денсаулық, бақыт тілейміз, – деп жазды ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Instagram парақшасында.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу