KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 4 м/с, З
512.32 582.92 6.29

16 жастағы Алдияр Ансат FIDE Дүниежүзілік кубогына жолдама алды

10.04.2025, 09:30 196 Төлеуғазы Жансая

00:00
00:00
 

Шахмат әлеміндегі жаңа жұлдыз – Шығыс Қазақстан облысының атынан өнер көрсеткен, небәрі 16 жастағы Алдияр Ансат Азияның 3.4 Зоналық чемпионатында жеңіске жетіп, FIDE Дүниежүзілік кубогына қатысу құқығын иеленді. Бұл – Қазақстан шахматы үшін ерекше жаңалық, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алдиярдың жеңіс жолы оңай болған жоқ. Ол турнирді төрт сенімді жеңіспен бастады, кейін бірқатар тең ойындар болды. Кейбір партияларда қиын жағдайларға тап болғанына қарамастан, тактикалық шеберлігінің арқасында ол ойынды тең аяқтай алды. Нақты бетбұрыс өзбекстандық гроссмейстер Мухиддин Мадаминовпен өткен партияда тіркелді – Алдияр бұл ойында рейтинг бойынша фаворитті тізе бүктірді.

Жарыстың соңғы турында тең нәтиженің өзі жеткілікті болса да, Алдияр қауіпсіз ойыннан бас тартып, күреске шықты және жеңіске жетті. Бұл – оның нағыз чемпион екенін дәлелдейтін сәт.

Жақында ғана халықаралық гроссмейстер атанған Алдияр – Қазақстан шахмат тарихындағы ең жас гроссмейстер. Енді ол еліміздің атынан FIDE Дүниежүзілік кубогына қатысады. 

Жеңісінен кейін Алдияр Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушыларына, туыстарына және барша жанкүйерлерге алғысын білдірді. Оның айтуынша, турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылған, тіпті кейбір әлем чемпионаттарынан да артық.

FIDE Дүниежүзілік кубогы – әлемнің ең үздік шахматшылары бас қосатын беделді дода. Алдиярдың алғашқы партиясы әлі басталған жоқ, бірақ ол Қазақстан шахматының жаңа тарихы үшін алғашқы жүрісін әлдеқашан жасап үлгерді.

Дамир Омаров

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу