KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

«Алтай» Азия чемпионатында қатарынан екінші ойында жеңіске жетті

28.04.2019, 08:19 139

Клубтар арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетіп жатқан «Алтай» волейболшылары қатарынан екінші ойында 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кеше тайбэйлік «Тайвань» командасын ұтқан жерлестеріміз бүгін «А» тобындағы тағы бір қарсыласы «Гонконгтан» басым түсті. Бір айта кетерлігі, бұл ойында өскемендік ұжымның басымдығы көзге ұрып тұрды. Әсіресе, бірінші партияда алтайлықтардың қарқыны қатты болды. Есеп 25:6! Қалған екі кезеңде ес жиған гонконгтықтар есе қайтаруға тырысқанымен, Қазақстан чемпионы бұған еш мүмкіндік бермеді. Есеп 25:12, 25:15 «Алтай» пайдасына.

Осылайша, екі ойыннан кейін алты ұпай жинаған Юрий Панченко шәкірттері «А» тобының көшін бастады. Ертең өскемендік команда үшін демалыс күні. Ал 30 сәуір, сейсенбі күні «Алтай» алаң иелері қытайлық «Тяньцзинь Бохай Банкпен» ойнайды. Осы ретте Қытай чемпионы бір ойыннан кейін үш ұпай жинап, топтағы екінші орында келе жатқанын айта кеткен абзал. Еске салайық, бұл екі қарсыластың жолы Өскеменде өткен былтырғы құрлықтық додада да түйіскен болатын. Сол жолы чемпионаттың қола жүлдесі үшін ойында қытайлықтар 3:2 есебімен жеңіске жеткен-ді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив