KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Қазақстан суперкубогы: «Алтай» жарысты жеңіспен бастады

16.10.2019, 04:35 137

Өскемендік «Алтай» волейбол клубының қыздары ел суперкубогы үшін жарысты жеңіспен бастады. Еске салайық, кеше Талдықорған қаласында жалау желбіреген додаға төрт команда қатысуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шымылдықашар ойында «Алматы» волейболшыларымен шеберлік байқасқан жерлестеріміз 3:1 есебімен жеңіске жетті. Алайда, бұл жеңіс оңай келген жоқ. Алғашқы партияда қарсыластарын 25:23 есебімен әупірімдеп жүріп жеңген өскемендік арулар келесі кезеңде алматылықтарға жол беруге мәжбүр болды, есеп 20:25.

Тек осыдан кейін ғана шындап іске кіріскен италиялық бапкер Лука Кьяппини шәкірттері келесі екі партияда қарсыластарынан 25:19, 25:21 есебімен басым түсіп, матчты өз пайдасына аяқтады.

Бүгін алтайлықтар жарыс аясындағы екінші кездесуін өткізеді. Сағат 13:00-де басталатын бұл ойында Сана Анарқұлова мен командаластарына павлодарлық «Ертіс-Қазхром» қарсылас атанбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив