KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, З
512.32 582.92 6.29

Өскемен – Алтай автожолында қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр

16.04.2025, 07:50 146 Төлеуғазы Жансая

2025 жылғы 16 сәуір күні таңғы сағат 07:00-дегі жағдайы бойынша республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 56+850 шақырымында жол жиегінің шайылған бөлігін қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жұмыстарға қосымша күш пен техника тартылды. Қалпына келтіру ісіне «ҚАЖсервис» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалы мен мердігер ұйым «Kurylys Group RK» ЖШС-нің арнайы техникасы жұмылдырылған. 

– Қазіргі уақытта жол учаскесінде төмендегідей техника жұмыс істеуде: «ҚАЖсервис» ЖШС тарапынан – 1 тиегіш, 1 автогрейдер, 7 самосвал; «Kurylys Group RK» ЖШС тарапынан – 2 экскаватор, 1 тиегіш, 10 самосвал. 3 100 тонна жартасты топырақ төселді. Жол жиегін толықтай нығайту үшін қосымша шамамен 2 500 тонна материал қажет, ол Осинов асуын айналып өтетін қайта жаңғыртылып жатқан жол учаскесінен жеткізіліп жатыр,-делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы, үзіліссіз жүргізілуде. Жол қозғалысын қайта ашу 2025 жылғы 16 сәуір күні сағат 15:00-ге жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу