KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

ШҚО-да 58 адамды кене шақты

Фото: af.sauerandsons.com

11.04.2024, 17:37 169 Айна Ескенқызы

Облыста  58 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген. Олардың 34,5 пайызы он төрт жасқа толмаған балалар.  Дегенмен облыс аумағында кене инфекцияларымен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ.  Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  кене шағу  алты  жағдайға  азайған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көп жылдық эпидемиологиялық талдау нәтижелері көрсеткендей, өңірде аурудың алғашқы жағдайлары мамыр айынан бастап тіркеледі.

-Кене шаққан 56 адамға аурудың алдын алу мақсатында  кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин салынды. Қалған екі адамды кене эндемиялық аумаққа жатпайтын елді мекенде  шағуына байланысты  олар серопрофилактикамен қамтылған жоқ. Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында  кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті, - деді ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кене энцефалитінің табиғи ошағы – Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонайха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңайлары екенін айта кеткен жөн.

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кене энцефалитінен қорғану үшін жеке басты қорғаудың қарапайым шараларын орындауды еске салады. Табиғат аясына шыққанда жәндіктің киім астына кіруін шектейтін қорғаныш киімін кию керек және репелленттерді (кенені денеге жолатпайтын заттар) қолданған дұрыс. Сонымен қатар өзін-өзі  және қасындағы адамның денесін әлсін-әлсін тексеріп тұрған абзал.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу