Қалада жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

pexels.com
Қала аумағында жолдарды орташа жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жөндеу аясында жиектастарды ауыстыру жұмыстары қолға алынған. Жұмыстардың сапасы мен мерзімі жергілікті билік тарапынан жеке бақылауға алынған. Сонымен қатар, мердігер ұйымдармен тиісті кездесулер өткізіліп, нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұған дейін хабарланғандай, биыл қала бойынша 35 учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алайда, тұрғындармен кездесулер кезінде түскен ұсыныстар негізінде бұл тізім кеңейтілетін болады.
Орташа жөндеуден бөлек, қалада жол шұңқырларын қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл бағытта төрт мердігер ұйым жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін 1352 шаршы метр жол төсемі жаңартылды. Жалпы алғанда, жыл соңына дейін 145 учаскеде шұңқырларды жөндеу жоспарланған.