KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
450.79 482.21 5.05

ШҚО-да ертең найзағай ойнайды

pixabay.com

26.05.2024, 21:00 64 Назерке Каримова

«Қазгидромет» ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 27 мамырда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.

Өскемен қаласында күндіз найзайғай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД кезінде сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді:

- найзағайлы күні үйден шықпаған жөн, терезені, есіктерді жауып, электр құрылғыларын қуат көздерінен ажыратыңыз және пайдаланбаңыз;

- металл қоршаулардың, төбелердің немесе басқа электр өткізгіштердің жанында тұрмаңыз

- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз.

Төтенше жағдай кезінде "112" телефоны бойынша хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив