KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Мектептерде соңғы қоңырау соғылатын болды

Фото: vesti.ru

30.04.2024, 20:02 218 Ержан Әбіш

Бұған дейін еліміздегі су тасқынына байланысты «Соңғы қоңырау» кеші өткізілмейтіні айтылған-ды. Бұл ақпарат қоғамда біраз талқыға түсіп, көпшілігі қарсылық танытты.

Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің аппараттық отырысында министр Ғани Бейсембаев еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

– Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын қатаң ескертемін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағатын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Сонымен қатар, еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын, – деді министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив