KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, В
508.3 592.17 6.63

Музей түні: Өскеменде ерекше мәдени кеш өтеді

15.05.2025, 13:00 589 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстанда 16 мамыр күні «Музей түні - 2025» халықаралық акциясы өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биылғы шара Жұмысшы кәсіптері жылына орайластырылып, «Тағдырға айналған кәсіп» тақырыбында ұйымдастырылады. Мәдени-танымдық кеш облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бастамасымен өткізіледі.

Іс-шараның басталуы сағат 17:00-де Қ. Қайсенов атындағы этносаябақта жоспарланған. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік концерт қойылып, келушілер шеберлік сабақтарына, көрме-жәрмеңкеге, квест ойындар мен ұлттық ойындарға қатыса алады. Сондай-ақ сауда-саттық орындары ұйымдастырылып, отбасылық демалысқа лайықты жағдай жасалады. Балаларға сурет салу, халық аспаптарымен танысу мүмкіндігі ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кеш музей кеңістігін жаңа форматта танып-білуге жол ашып, өскелең ұрпақты мәдени құндылықтарға жақындата түседі. Музейге кіру – тегін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу