Республика күніне орай ШҚО-да «Ашық есік күні» өтеді
25 қазан күні Республика күні мерекесіне орай Өскемен қаласында «Ашық есік күні» ұйымдастырылады. Бұл шара аясында қала тұрғындары мен қонақтары Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығына тегін кіріп, музей экспозицияларымен танысу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Іс-шара бағдарламасы ауқымды әрі қызықты. Музей-қорық келушілерге ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптейтін түрлі ойындар мен көрмелерді ұсынады:
-
Қазақтың халықтық ойындары: «Асық ату», «Аударыспақ», «Теңге алу», «Қол күресі».
Өтетін орны: Қайсенов атындағы этнобақ. -
«Белес» этно-фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуі.
Өтетін орны: Қайсенов атындағы этнобақ. -
Балалардың «Менің Отаным – Қазақстан» атты асфальтқа сурет салу байқауы.
Өтетін орны: Қайсенов атындағы этнобақ. -
Қолөнершілердің «Менің кең байтақ өлкем» атты көрме-жәрмеңкесі.
Өтетін орны: Солжағалық кешен, Қайсенов атындағы этнобақ. -
Дәстүрлі «Городки» ойындары.
Өтетін орны: Солжағалық кешен, Этноауыл. -
«Хороводқа бірге барамыз» атты хороводтық-ойын бағдарламасы.
Өтетін орны: Қайсенов атындағы этнобақ. -
«Халық бірлігі – ел негізі» атты халық костюмдерінің көрмесі және «Біздің елдің халықтарының ойындары».
Өтетін орны: «Достық» көрме кешенінің жаны (Қайсенов көшесі, 67).
Музей-қорық келушілерге бауырсақ пен шоколадтан дәм татуға мүмкіндік береді. Мерекені отбасымен және достарымен белсенді әрі қызықты өткізуге шақырамыз!