Бүгін ШҚО-да 35 градусқа дейінгі аптап ыстық күтіледі

Фото: pixabay.com
«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, 17 мамыр күні күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өскемен қаласында да осындай қатты ыстық күтілуде. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті халыққа қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:
- Ауа райы тым ыстық болған кезде, тұрғындар мүмкіндігінше көшеде көп жүрмей, күн астында ұзақ болмауға тырысқаны жөн. Әсіресе күннің ең ыстық уақыты — 11:00 мен 17:00 аралығында абай болу керек. Сыртта баяу жүріп, көлеңкеде көбірек демалған дұрыс. Алкогольді және тәтті сусындардың орнына таза су ішу қажет.
Сондай-ақ суға тек арнайы рұқсат етілген жағажайларда шомылыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйде суға түспеңіз. Құрғақ шөп пен қамысты өртеуге тыйым салынады. Отпен абай болыңыз, үй ауласында немесе саяжай маңында от жағудан бас тартыңыз. Көлік терезесінен темекі тұқылын немесе шыны бөтелке лақтыруға болмайды. Егер төтенше жағдай орын алса, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз, — делінген ТЖД хабарламасында.

Оқи отырыңыз