KZ
Өскемен
-39°
туман жел 3 м/с, СШ
512.16 594.72 6.57

ШҚО тұрғындарына ауа райына байланысты сақтық шараларын сақтау ескертілді

Фото: pixabay.com

19.05.2025, 08:00 357 Гульжан Мусина

«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, 19 мамыр күні өңірдің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Сонымен қатар найзағай жарқылдауы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін, кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Өскемен қаласында да найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін. Қалада соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с шамасында болады.

Мамандар осындай ауа райы жағдайында төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:

Найзағай кезінде үйде болуға, терезе, есік, түтін шығатын тесіктерді жауып, электр құрылғыларын тоқтан ажыратып, қолданбауға кеңес беріледі.
Металл қоршаулар мен электр өткізгіш заттардың маңында тұрмау қажет.
Жел күшейгенде сымдарға, ағаштарға, аялдамаларға жақындамаңыз.
Өрт қаупі жоғары кезеңде табиғатта және үй маңында от жағуға қатаң тыйым салынады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда бірден 112 нөміріне хабарласу керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу