KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 3 м/с, В
520.93 609.07 6.68

ШҚО-да найзағай күтіледі

pexels.com

13.05.2025, 18:30 363 Гульжан Мусина

14 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Казгидромет мәліметінше, облыстың солтүстігі мен шығысында күндіз найзағай күтіледі. Сонымен қатар, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Тұрғындарға ауа райының қолайсыздығы кезінде қауіпсіздік шараларын ұстану ескертіледі.

– Найзағай кезінде үйде болған дұрыс. Терезелер мен есіктерді, түтіндіктерді жауып, электр құрылғыларын қуат көзінен ажыратыңыз. Металл заттардың, төбелер мен басқа да электр өткізгіштердің жанында тұрмаған жөн. Жел күшейген сәтте сымдарға, тербелмелі конструкцияларға жақындамаңыз, аялдамалардың артына, ағаштардың астына тығылмаңыз. Ал өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында немесе үй ауласында от жағуға қатаң тыйым салынады, – деп ескертеді ТЖД мамандары.

Кез келген төтенше жағдай туындаса, тұрғындар “112” нөміріне хабарласа алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу