Халыққа қызмет көрсету орталықтарының саны азаяды – вице-министр ШҚО халқымен кездесті
Шығыс Қазақстан облысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин халықпен кездесті. Жиын барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, болашақтағы жоспарлар айтылды.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде елімізде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн форматқа көшірілген. Мәселен, 60 проактивті қызметті 3 миллионнан астам адам пайдаланған. 56 түрлі қызмет пен сервистер 33 миллион рет қолданылыпты. Мемлекеттік қызметтердің 92%-ы қазір онлайн түрде қолжетімді. Барлығы 261 миллион электрондық қызмет көрсетілген. Ал eGov-mobile қосымшасы арқылы 9,9 миллион қызмет ұсынылған.
Кездесу барысында вице-министр лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, қазір арнайы сервис іске қосылып, адамдар өз еркімен немесе отбасының өтініші бойынша ойындарға шектеу қоя алады.
Кездесу соңында вице-министр ШҚО тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, цифрландыру саласындағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.
Фото: Екатерина Семина














