Вице-министр: ШҚО – біз басымдық беретін өңірлердің бірі
ШҚО-ға ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек келді.
Іссапар барысында вице-министр №3 Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында облыс халқымен кездесу өтіп, оған IT-сала, ұялы операторлардың өкілдері мен аймақ жұртшылығы, сондай-ақ цифрлық компоненттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, студенттер және жоо ұстаздары қатысты. Кездесуге ZOOM режимінде ШҚО-ның қалалары мен аудандарынан тұрғындар және қоғам белсенділері қосылды.
- Тұрғындардың көбі сапалы интернет пен мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты сауалдар жолдады. Мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша бізде жағдай айтарлықтай жақсы, қызметтердің 94%-ын онлайн форматта көрсете аламыз. Жалпы, байланыс тұрғысынан алғанда, Шығыс Қазақстан облысы - біз басымдық беретін өңірлердің бірі. Біз мұнда барлық халықты қамту бойынша барынша пилот жасап, бүкіл елге үлгі ретінде көрсетпекпіз. Бұл жұмыстар қазір басталып қойды, - деді Асхат Оразбек.
Оқи отырыңыз