Болашақта Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі қажет бола ма?
Фото: egemen.kz
Елдегі халыққа қызмет көрсету орталықтарын алдағы уақытта қысқарту қарастырылып жатқан жоқ.
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мархабат Жайымбетов халыққа қызмет көрсету орталықтарының болашағы туралы сұрады.
Өз кезегінде Цифрлық даму вице-министр Әсет Тұрысов мемлекеттік қызметтердің 20 пайызы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы іске асырылып жатқанын айтты.
Сонымен қатар, тілшілер сұрағына жауап беру кезінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин ХҚКО қызметкерлерін қысқарту қарастырылмағанын айтты.