Цифрлық қауіпсіздік: шығысқазақстандық жаңа жүйе вице-министрге таныстырылды
Ел шығысындағы өңірлік маңызы зор цифрлық жоба – су тасқыны жағдайын мониторингтеу және медиажоспарлау жүйесі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкинге таныстырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ұсынылған жүйе – интерактивті карталар, динамикалық графиктер мен талдамалық кестелерге негізделген жоғары технологиялы платформа. Бұл шешім су тасқыны жағдайын тәулік бойы нақты уақыт режимінде бақылауға, сондай-ақ барлық деңгейдегі билік өкілдері үшін жедел әрі негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Ситуациялық орталық базасында болған презентация барысында вице-министр аталған жобаның тәжірибелік маңызын ерекше атап өтіп, оны төтенше жағдайлардың алдын алудағы және өңірлік ақпараттық саясатты тиімді жүргізудегі стратегиялық құрал ретінде жоғары бағалады. Бұл жүйе алдағы уақытта өзге өңірлерге енгізуге болатын үлгілі модель ретінде ұсынылды.
Фото: Екатерина Семина













