Қазақстанның сауда орталықтары сапалы Wi-Fi -мен қамтылуы тиіс
фото: gorkyhotel-nn.ru
Қазақстанның сауда орталықтары келушілерді сапалы Wi-Fi желісімен қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл туралы бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.
Вице-министрдің айтуынша, ол сауда орталықтары мен тамақтану орындарында нашар Wi-Fi жұмысына тап болған.
«Мен де сіздер сияқты байланыс мәселелерімен бетпе-бет келемін. Әсіресе, қоғамдық тамақтану орындары мен ірі сауда-ойын сауық орталықтарында Wi-Fi желісі сапасыз. Біздің келесі қадамымыз осы бағытта болады деп ойлаймын. Заң жобасы аясында біз ірі бизнес-орталықтарды Wi-Fi желісімен қамтамасыз етуге міндеттейтін боламыз. Біз бұл сапаны бақылауда ұстаймыз. Менің ойымша, сауда орталықтары мен дәмханаларда сапалы интернеттің болуы барлығына ыңғайлы болады»,-деп түсіндірді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Сенат отырысында.
Оқи отырыңыз