Өскеменде онкоорталық ашық есік күнін өткізеді
Фото: Altainews.kz
24 мамыр күні Өскемендегі Көпсалалы онкология және хирургия орталығында ашық есік күні өтеді. Бұл күн тері обырын ерте анықтау және алдын алу мақсатында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Шығыс Қазақстан облысының кез келген тұрғыны білікті онколог мамандардан тегін кеңес ала алады. Ең бастысы – ешқандай жолдама немесе арнайы медициналық сақтандыру қажет емес. Тек жеке куәлігіңіз болса жеткілікті.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 6-үй, КДО (кеңес-диагностикалық бөлімше).
Байланыс телефондары:
+7 (7232) 48-91-51
+7 778 003-78-45
Елизавета Седых