«Таза Қазақстан» – таза сана: Облыс әкімі жастармен бірге көшет отырғызды
Үлкен Нарындағы «Тәуелсіздік саябағында» бүгін ерекше көрініс орын алды: аудан әкімдері, басқарма басшылары, жастар – бәрі бір сапта. Қолдарында күрек, жүректерінде елге деген сүйіспеншілік. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың бастамасымен Үлкен Нарын ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көшет отырғызу шарасы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Нұрымбет Аманұлы жастардың белсенділігіне ерекше тоқталды. Ол мұндай шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында табиғатты аялау, еңбекті сүю, отансүйгіштік қасиеттердің қалыптасатынын айтты.
Сапар соңында облыс әкімі аудан орталығындағы өрт сөндіру бөлімінің қызметімен де танысып, техниканың дайындығына баға берді. Инфрақұрылым мен қауіпсіздік – халықтың сенімі мен тыныштығының тірегі екенін атап өтті.
Фото: Махаббат Ахметжанова








