KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

Өскемендік құтқарушы Аслан Советов халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

10.06.2025, 12:30 332 Гульжан Мусина

Алматы қаласында өткен джиу-джитсудан «Samurai Absolute» атты ашық чемпионатта Шығыс Қазақстаннан барған өрт сөндіруші-құтқарушы Аслан Советов ерекше көзге түсті. Бұл додада Қазақстанмен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген 1000-нан астам спортшы бақ сынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аслан Советов жарысқа екі санатта – «GI» және «NO-GI», 69,5 келі салмақ дәрежесінде қатысып, екеуінде де 1-орын иеленді. Осылайша ол қыркүйек айында өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Аслан бала кезінен жекпе-жек спортын серік еткен. Өткен жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында күміс медаль иеленген еді. Ол бүгінде Өскемен қаласындағы Мамандандырылған жасақта жұмыс істейді. Құтқарушылар қатарында жүргеніне – 10 жыл.

Қауіп-қатерге толы қызметін спортпен қатар алып жүрген Асланға мұндай жетістікке жетуге жұмыс орнында жасалған жағдай да үлкен көмек болған. Енді ол әлемдік аренада ел намысын қорғауға дайындалып жатыр.

Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу