KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Шығысқазақстандық спортшылар әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты

Фото: stan.kz

14.09.2023, 11:13 299 Ләззат Қанатқызы

Алматыда өткен армрестлингтен 44-ші әлем чемпионаты шығысқазақстандықтар үшін сәтті аяқталды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған спортшы жиналған чемпионатта Алтай қаласындағы спорт мектебінің түлектері бақ сынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әлем чемпионатында алқа тағынғандардың қатарында Ангелина Коробейникова да бар. "Казцинк" ЖШС қолдау көрсетіп, жаттықтырушысы Медет Рақымовпен алғаш рет әлемдік додаға аттанған 16 жастағы қыз 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.

- Әлем және Азия чемпионаттарының арқасында спортшыларымыз әлемдік аренада өнер көрсетуге үлкен мүмкіндік алды. Біздің талантты спортшымыз Ангелина үшін бұл чемпионат алғашқы әлемдік бәсеке болды және ол оны сәтті аяқтай алды. Ол көп ұзамай-ақ спорт шебері атанатынына сенімдімін, - дейді Алтай қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мұрат Байбұлов.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан құрамасы армрестлингтен әлем чемпионатында бірінші орынды иеленген болатын. Биыл да спортшылар өз нәтижелерін сақтап қалды. Мәселен, Илья Валуйских пен Ангелина Коробейникова әлем чемпионы атанса, Сергей Антропов күміс медаль иегері атанды.

 

Сондай-ақ "Казцинктің" ЖШС қызметкерлері де әлем чемпионатына қатысып, жүлделі оралды. Атап айтқанда, халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері, Өскемен металлургия кешені Мырыш зауытының катодшысы Ораз Басаров және "Қазмырышмаш" ӨК Риддердегі машина жасау бөлімшесінің қызметкері Николай Мрзагарайев.

55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ораз Басаров сол қолдан күміс жүлдегер, оң қолдан алтын жүлдегер атанды. Ал Николай Мрзагарайев 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив