KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
511 602.72 6.49

ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген жүргізуші жазаланды (видео)

Фото: видеодан скриншот

11.06.2025, 17:30 244 Төлеуғазы Жансая

 

Шығыс Қазақстанда полиция мен төтенше жағдайлар қызметі бірігіп арнайы рейд өткізді. Мақсат – жүргізушілердің жедел қызмет көліктеріне жол беріп-бермейтінін тексеру, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Рейд кезінде бір жүргізуші өрт сөндіру көлігіне жол бермей, ережені бұзған. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 598-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері дәл осы бап бойынша 6 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған.

Құтқарушылар мен полицейлер жүргізушілерге маңызды ескерту жасады:
Жолда келе жатқанда дабыл шамы мен дыбысы қосулы жедел қызмет көлігі көрінсе – міндетті түрде жол беру керек. Өйткені әрбір секунд адам өмірін құтқаруы мүмкін.

Елизавета Седых

Видео: ҚР ТЖМ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу