Өрт сөндіру көлігіне жол бермегендер жауапқа тартылды
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен
ШҚО-да өрт сөндіру автокөлігіне жол бермеген 4 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ШҚО ТЖД мен полиция қызметкерлері арнайы профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Нәтижесінде өрт сөндіру автокөлігіне жол бермеген 4 жүргізуші ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 598-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мұндай рейдтерді жиі өткізу маңызды. Өйткені адамдардың өмірі мен денсаулығы, сондай-ақ мүліктің сақталуы өрт сөндіру көлігінің жету жылдамдығына тікелей байланысты.
- Өрт сөндірушілердің көлігінің өрт шыққан нысанға жетуіне тұрғын үйлердің ауласындағы көліктер кедергі келтіретін жағдайлар жиі кездеседі. Ал өрт кезінде әр секунд маңызды. Оқиға орнына асыққан өрт сөндіру көліктері тұрғындардың көліктерінің арасынан өту үшін тепе-теңдік сақтап, баяу қозғалуға мәжбүр болады. Автоцистернаны орнату да көбінесе қиындық тудырып жатады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Оқи отырыңыз
Көлігін тұраққа дұрыс қоймаған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды – ӨскеменӨрт сөндіру көлігі мен трамвай соқтығысты - ӨскеменРейд: Автокөлік иелері құтқарушыларға жол бере ме? ШҚО-да 1,5 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылдыШҚО бойынша ас үйден шыққан өрттен 94 жағдай тіркелген