KZ
Өскемен
-9°
туман жел 3 м/с, З
502.27 597.15 6.57

XXIII ұлттық халықтық ойындарға Шығыстың барлық аудандары қатысуда

13.06.2025, 13:40 426 Гульжан Мусина

 

Катонқарағайда өтіп жатқан фестиваль аясындағы халықтық спорт ойындарына қатысушы қала мен аудан саны 9-дан 13-ке дейін артты, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

– 9–14 маусым аралығында Катонқарағай ауылында ұлттық ат спорты түрлерінен XXIII ұлттық халықтық ойындар өтуде, – деді ШҚО дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының директоры Саят Нұрғалиев. – Жарысқа 13 команда қатысуда, жалпы қатысушылар саны – 282 адам. Оның ішінде көкпардан – 156, жамбы ату және теңге ілуден – 26, аударыспақтан – 100 спортшы.

Ұлттық ат спорты түрлеріне деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Өткен жылы ойындарға облыстың небары 9 қаласы мен ауданы қатысса, биыл олардың саны 13-ке жетті.

Жарыстар «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында өтуде. Бағдарламада көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу сынды спорт түрлері қамтылған.

Қатысушылар бұл жарысқа ұзақ уақыт бойы тыңғылықты дайындалған. Өз ауданын лайықты таныту үшін бар күш-жігерін жарысқа жұмсауда.

Аударыспақ сайысында жеңімпаз атанған риддерлік Еркебұлан Төлеуханов былтыр Зайсан ауданында өткен жарыста жүлдесіз қалғанын, алайда биыл жүйелі әрі қажырлы жаттығудың арқасында жақсы нәтиже көрсеткенін мақтанышпен жеткізді.

– Бүгін 100 келіден жоғары салмақта чемпион атандым, – деді спортшы. – Ат спортымен екінші жыл айналысып жүрмін. Бірінші орынды иеленгеніме ерекше қуаныштымын.

Қатысушылар жарыс өтетін орынды да жоғары бағалады. Катонқарағайдың көркем табиғаты, асқақ таулары мен таза ауасы спортшыларға ұмытылмас әсер қалдырған.

– Бұл жерді екінші Швейцария деп бекер айтпайды, – деп қосты спортшы.

Елизавета Седых

Фото: Жібек Нұрахмет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу