KZ
Өскемен
-8°
туман жел 5 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Астанада «Орталық Азия – Қытай» саммиті өз жұмысын бастады

Фото: Ақорда

17.06.2025, 17:30 289 Гульжан Мусина

Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын қарсы алды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті жұмысын бастады.

Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚХР төрағасы Ци Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қатысып отыр.

Айта кетерлігі, «Орталық Азия - Қытай» І саммиті 2023 жылдың 19 мамырында Қытайдың Сиань қаласында өтті. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мен Қытайдың екінші саммитін Қазақстанда өткізуге әзір екенін жеткізген. Саммит қорытындысында Сиань декларациясына қол қойылып, екінші саммитті 2025 жылы Қазақстан өткізу туралы шешім қабылданды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу