KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да 37 градусқа дейін ыстық болады

Фото: depositphotos.com

19.06.2025, 08:00 208 Гульжан Мусина

19 маусым күні Шығыс Қазақстанда ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнап, қатты жел соғады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, найзағай облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында байқалады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. Ал күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі.

– Облыстың оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қауіпі, ал оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, – дейді синоптиктер.

Өскемен қаласында да дәл осындай ауа райы күтіледі. Жел екпіні 20 м/с-ке дейін жетіп, ауа температурасы 35 градусқа көтеріледі.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр.

– Найзағай кезінде үйде болған дұрыс. Терезе мен есікті жауып, электр құралдарын сөндіріп қойыңыз. Аулада металл заттардың қасында тұрмаңыз. Ал қатты жел кезінде сымдарға, жарнама тақталарына және ағаштарға жақындауға болмайды, – деп ескертті ШҚО ТЖД мамандары.

Сондай-ақ күннің қатты ысуына байланысты далада көп жүрмеуге, судың жанында рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға кеңес беріледі.

– Сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін далада болмауға тырысыңыз. Қатты физикалық күш жұмсау денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Су жағасында демалғанда қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз: балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйде суға түспеңіз, – делінген ТЖД хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу