KZ
Өскемен
+24°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
518.97 607.3 6.64

«Алтайдың таңғы көрінісі ұмытылмас әсер қалдырды» – блогер Әлия Әшім Шығыстағы сапары туралы бөлісті

21.06.2025, 15:00 192 Гульжан Мусина

Журналист-документалист әрі танымал блогер Әлия Әшім Шығыс Қазақстанға жасаған сапары ерекше әсер қалдырғанын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әлия Әшім Өскеменге кезекті деректі фильмін түсіру мақсатында арнайы келген. Сапар кезінде Катонқарағайда өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне де қатысып үлгерген. Табиғаты тамаша өңірдің таңғы көрінісі журналистке ерекше әсер еткен екен.

— Түнде келіп, ештеңе көрмей ұйықтап қалғанбыз. Таңертең оянғанда көз алдымда асқақ таулар тұр! Шын мәнінде, нағыз уау-эффект болды, — деп бөлісті ол.

Әлия фестивальдің ұйымдастырылуына да жоғары баға берді.

— Маған ең ұнаған тұсы – Алтайға жаңа репрезентация берілгені. Түркі мәдениеті, ортақ рух пен өнер – бәрі осы фестиваль арқылы ерекше көрсетілді. Мұндай шараның дәл Төр Алтайда өтуі өте орынды. Бұл – рухы мен тарихы ортақ халықтардың басын қосатын тамаша жоба. Жалпы, Алтайды насихаттау – өте жақсы идея деп есептеймін, — деді блогер.

Айта кетейік, «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестиваліне Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдерден делегаттар мен өнер ұжымдары қатысқан болатын.

Жайна Сыранова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу