Қарақалпақстандық қонақ: «Шығыс табиғаты — Жаратқанның сіздерге сыйлаған көз тоймайтын байлығы»
Катонқарағайда өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне қатысқан Қарақалпақстан өкілі Мұхамед Төребеков Алтайдың көркем табиғатына, фестивальдің рухани мәніне ерекше әсерленіп, өз ықыласын білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қарақалпақстаннан арнайы келген қонақ фестивальдің маңызына да тоқталып өтті:
Оның айтуынша, мұндай басқосулар тек өнер мерекесі ғана емес, халықтардың бірлігін, ортақ тамырын еске салып, болашақтағы ынтымақтастыққа жол ашады.
Айта кетейік, «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестиваліне биыл Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Саха, Тыва, Татарстан елдерінен өнерпаздар мен мәдениет майталмандары жиналды. Фестиваль аясында ұлттық өнер көрсетіліп, түркі халықтарының салт-дәстүрі насихатталды.

