Шығыстағы батыр жандарға дауыс беріңіз: «Ізгі жүрек» байқауы басталды
Шығыс Қазақстанда ерлік пен мейірімге толы ерекше бастама жүріп жатыр. «Ізгі жүрек» атты қайырымдылық сыйлығы аясында ел үшін ерен іс жасаған жандардың есімі көпшілікке таныстырылып, жеңімпазды халықтың өзі анықтайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл игі жобаны ұйымдастырып отырған – «Қазцинк» компаниясы. Мақсат – қауіпті сәтте біреудің өмірін құтқарған, батырлық пен жанашырлық танытқан адамдарды елге үлгі ету.
Жоба аясында түрлі ерлік оқиғалары жиналды. Өрттен, судан, жол апатынан адам құтқарғандар – әртүрлі жастағы, әртүрлі маман иелері. Алайда бәрін біріктіретін ортақ қасиет – нағыз адамдық пен жүректілік.