KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

«Казцинк» кәсіпорыны Шығыс Қазақстанның ең ізгі жүрек иелерін марапаттады

21.07.2019, 06:10 146

«Казцинк» кәсіпорыны Шығыс Қазақстанның ең ізгі жүрек иелерін марапаттады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

«Ізгі жүрек» байқауы ШҚО көлемінде жыл сайын өтеді. Байқауға адам өмірін арашалап қалған жандар қатысады. Осы жылы да өз жалғасын тапқан байқауға түрлі үміткерлер қатысты. Алайда, ізгі жүректі халық таңдады. Izgi-jurek.kz сайтына кіріп, әр қатысушымен танысып 12 шілдеге дейін дауыс берді.

Металлургтер күніне орай ұйымдастырылған марапаттау кеші «Восток» стадионында өтті. Жеңімпаздардың әрқайсысына 500 мың теңге көлемінде сертификат пен естелік мүсінше табысталды. Естеріңізге сала кетсек, біз осыған дейін халық анықтаған үш батыр жайлы жазған болатынбыз. Олар: Асқар Құлжанов, Меруерт Темірбаева, Вячеслав Голов.

 – Әрине, қуанышымда шек жоқ. Елімізде осындай ірі кәсіпорынның барына ризамын. Мүмкіндігі бар кезкелген адам біреудің өміріне қауіп төнсе араша болуы қажет деп есептеймін. Сондықтан мені батыр санап, дауыс берген барша халыққа алғысымды жеткізгім келеді. Ал, жеңіп алған қаражатты өзімнің 3 жыл бойы салып жатқан үйіме жұмсаймын, – дейді байқау жеңімпазы Меруерт Темірбаева.

Бұл – халық анықтаған үш қаһарман. Олардан бөлек Семейде Виктор Новоселов деген 8 жастағы құтқарушы бар. Суға батқан 4 жастағы балақайды құтқарған оған  кәсіпорын  арнайы сыйақы тағайындады.

 – Виктор өзін ерлік жасадым деп санамайды. Тек қолымнан келгенді істедім деп есептейді. Ол сол жағдайдан кейін, жүзіп үйренемін, басқаларды құтқарамын деп алдына мақсат қойды. Балам ғылымға жақын. Бәлкім, бүгінгі қаражатқа оған шағын лабораториялық бөлме жабдықтармыз, - дейді батырдың анасы Наталья Новоселова.

Ал, «Казцинк» басшылығы болса, адам өмірін құтқарғандардың қай-қайсы болмасын батыр деп, жас балақайлардың жасаған батыл қадамдарына зор құрметпен қарайтындарын жеткізді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив