KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

ШҚО-дағы ең ізгі жүрек иесін таңдау басталды

19.06.2019, 05:01 231

«Ізгі жүрек» байқауы ШҚО көлемінде жыл сайын өтеді. Байқауға адам өмірін өлімнен арашалап қалған жандар қатысады, деп хабалайды Алтайньюс тілшісі.

Ең көп дауыс жинаған үш үміткер 500 мың теңге көлемінде сыйақы алады. Байқау қатысушыларына дауыс беру мүмкіндігіне әр шығысқазақстандық ие. Ол үшін:

Үміткерлер жайлы ақпарат izgi-jurek.kz сайтында берілген. Сіз олардың кез келгенімен таныса аласыз. Жаңа заман батыры жасаған игі істі білу, фотосурет немесе кітапша түріндегі таңбаны таңдау арқылы жүзеге асады. Сосын, нағыз батыр деп таныған адамыңыздың суретінің астындағы «дауыс беру» батырмасын таңдайсыз. Ашылған терезеге өзіңіздің электрондық поштаңыздың мекен-жайын енгізесіз, сосын e-mail-ге дауысыңызды растау үшін хат келеді, «растаймын» тетігін басасыз.

Айтпақшы, дауыс беру 12 шілдеге дейін жалғасады. Байқау қорытындысы мен марапаттау, 19 шілде «Металлургтер» күніне арналған концерт аясында белгілі болады. Үлгеріп қалыңыздар!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив