KZ
Өскемен
+27°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

"500 мың теңге" – "Қазцинк" ізгі жүректі адамдарға сыйақы тағайындады

15.07.2019, 03:17 135

«Қазцинк» кәсіпорыны Шығыс Қазақстанның ең ізгі жүректі үш адамын анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Анығында, кәсіпорын бұл шараны ұйымдастырды, ал izgi-jurek.kz сайтында дауыс беру арқылы анықтаған халық болатын. Сонымен, өз бастарын қатерге тігіп, өзгені ажалдан арашалаған үш адам және олардан бөлек Семейдегі батыр балақайға «Қазцинк» 500 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындады.

1.    Асқар Құлжынов – учаскелік полиция инспекторы. 5 мамыр күні әлдекімнің өзенге секіргелі тұрғаны туралы полиция бекетіне хабар түседі. Оқиға орынына дереу барған Асқар Үлбі көпірінен өзенге секірген әйелдің соңынан қоса қарғып, өлімге бас тіккен оны жағаға аман-сау жеткізеді.

2.    Меруерт Темірбаева – Өскемен тұрғыны. Наурыз айында оның көршісінің үйі өртенеді. Меруерт өрт сөндірушілерді тоспай-ақ үйге еніп, әуелі бес жастағы баланы, содан соң 30 жастағы әйелді сыртқа алып шығады.

3.    Вячеслав Голов – 8 сынып оқушысы. Көршісінің үйінен өрт шыққанын түннің бір уағында әуелі Вячеславтың анасы сезеді де, «101-ге» қоңырау шалады. Осы аралықта Вячеслав көрші үйді токтан ашыратып, сыртқы есігін ашады. Ашады да құтқарушылар жеткенше өртті сөндіре бастайды. Абырой болғанда өрт сөндірушілер де дереу жетеді.

Бұл – халық анықтаған үш қаһарман. Олардан бөлек Семейде Виктор Новоселов деген 8 жастағы құтқарушы бар. Суға батқан 4 жастағы балақайды құтқарған ол. Кәсіпорын Викторға да сыйақы тағайындап отыр.

Кәсіпорынның әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазаревтің айтуынша, марапаттау шарасы 19 шілде – металлургтер күні қарсаңында болады

– Біз «Ізгі жүрек» атты шараны дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырамыз. Ортамызда «Бүгінгі күннің қаһармандары» деген атқа лайықты қаншама мықты адамдар жүр. Олардың еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды, – деді А.Лазарев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив