KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Жедел жәрдем дәрігерлері зейнеткерді клиникалық өлімнен құтқарып қалды – ШҚО

10.10.2024, 11:30 105 Айна Ескенқызы

Облыс орталығының 78 жастағы тұрғыны автобус аялдамасында кенеттен өзін жайсыз сезініп, есінен таңып қалады. Оқиға орнына сегіз минут ішінде жеткен жедел жәрдем бригадасы орындықта ес-түссіз жатқан әйелді көреді.

№32 бригаданың фельдшерлері Лимара Жамелова мен Мержан Бутабаев дәл сол жерде реанимациялық көмек көрсетуді бастайды. Клиникалық өлімді басынан кешірген әйелдің жүрегін дәрігерлер төрт минуттың ішінде қайта іске қосты, оның тынысы мен жүрек соғысы қалпына келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Бұл кезде оқиға орнына жиналған адамдар жан-жақтан қаумалап, фельдшерлердің жедел әрекеттерін бақылап тұрды.

– Біздің фельдшерлер жүрек қызметін қалпына келтіру және тәуелсіз тыныс алуды қалпына келтіру үшін бәрін жасады. Жүрек төрт минуттан кейін "іске қосылды", науқас облыстық аурухананың кардиореанимациясына жеткізілді. Бригада науқасты кардиолог Дархан Қарымсақов, невропатолог Елена Айнабекова, реаниматолог Нұрбол Слямбеков, Жұлдыз Матымованың қолына тапсырды. Науқастың жағдайы  тұрақтандырылды, анамнезден жіті коронарлық синдром диагнозы  алынып тасталды және одан әрі емдеу үшін №4 қалалық ауруханаға жеткізілді, – деді Шығыс Қазақстан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының әкімшілігінде.

Сондай-ақ облыстық станцияда сол күні Сағадат Нұрмұғамбетов көшесінің ауданын бақылап жүрген Өскемен қаласы патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Мақсұт Айдар мен Сейтханов Айдос жедел жәрдем  көлігін еш кедергісіз,  жасыл дәліз құра отырып, облыстық ауруханаға қысқа мерзім ішінде  жеткізгендерін айтты.

Пациент Галина Меттельдің жағдайы  қазір жақсы, палатада өздігімен жүреді және аурухана қызметкерлеріне, әсіресе жедел жәрдем фельдшерлеріне, оны клиникалық өлімнен шығару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған, шексіз ризашылығын айтады.

– Біздің пациент клиникалық өлімді басынан кешірген соң, жағдайы ауыр болды. Қазір ол кісінің жағдайы түзеліп, беті бері қарады. Барлық қажетті көмекті біздің аурухананың кардиология бөлімшесінде алып жатыр, – деді Өскемен қаласының №4 қалалық ауруханасы кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Ақжолқызы.

Бұл оқиға фельдшер Лимара Жамелованың сәтті реанимациялық көмек көрсеткен алғашқы жағдайы емес екенін  айта кеткен жөн.  Облыстық станцияда ағымдағы жылдың тамыз айында 103-ке «қарт адамның тыныс алуы қиын, жүрегі нашарлады» деген шағым келіп түскенін айтты. Дәрігерлер қарап жатқан кезде науқастың жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Фельдшерлер Лимара Жамелова мен Елдос Әнуарханов  дереу  жүрек-өкпе реанимациясын бастайды. Нәтижесінде науқастың жүрегі іске қосылды. Бұл – жіті миокард инфарктін алған кезде науқастың тоқтап қалған жүрегін реанимациялаудың  мысалы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу