KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, З
502.27 597.15 6.57

Өскеменде «Кубань сыйы» мен «Камчатка сыйы» жәрмеңкесі басталды

Фото: pexels.com

24.06.2025, 13:00 248 Гульжан Мусина

20 маусымнан бастап Өскеменде ерекше дәм мен сапаға толы жәрмеңке өтіп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары 29 маусымға дейін «Кубань сыйы» атты фермерлік өнімдер жәрмеңкесіне және «Камчатка сыйы» балық өнімдері жәрмеңкесіне қатыса алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жәрмеңке Назарбаев даңғылы, 61 мекенжайындағы «Валентина» сауда үйінде өтіп жатыр. Күн сайын таңғы 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Шара аясында Камчаткадан әкелінген жоғары сапалы балық өнімдері мен Краснодар өлкесінен, Армения мен Абхазиядан жеткізілген табиғи фермерлік азық-түлік ұсынылады. Барлық өнімдердің дәмін сатып алмай тұрып-ақ тегін татып көруге болады. Бағалар қолжетімді, ал өнімдердің сапасы тікелей өндірушіден келгенін дәлелдейді.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкенің жарты жылда бір-ақ рет өтетінін ескертіп, осы мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырады. Дәмді, табиғи өнім алып, отбасы мен жақындарға ерекше сый жасағысы келетіндер үшін бұл – таптырмас мүмкіндік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу