KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 5 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Тарбағатайда спорт пен мәдениет нысандары жаңарып жатыр – ШҚО

25.06.2025, 18:00 295 Әбішев Ержан

Тарбағатай ауданында спорт пен мәдениет саласын дамытуға биыл 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, жаңа нысандар салынып, материалдық база нығайтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Тарбағатай ауданында спорт пен мәдениет саласы дамып келеді. 2023 жылы 15 жобаға 902,1 млн теңге, ал 2024 жылы 8 жобаға 1 млрд 161,7 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, игерілген, – деді аудан әкімінің орынбасары Марат Қызов ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Ірі жобалардың бірі – «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Тұғыл ауылында спорттық-сауықтыру кешенінің салынуы. Құрылысты «AN Groups» ЖШС жүргізіп, нысан пайдалануға берілді. Аталған бағдарлама шеңберінде Ақжар ауылында да жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде (мердігер – «QK SUNQAR» ЖШС).

Сондай-ақ, Ақжар ауылының орталық стадионы қайта жаңғыртудан өтті. Бұл жоба да 2024 жылы толық аяқталды.

2023 жылы Маңырақ ауылында жергілікті кәсіпкер, ауыл тумасы Бауыржан Қожахметов өз қаржысына құны 300 млн теңге болатын спорт кешенін салып, оны спорт мектебіне табыстады. Бұл нысан бірнеше ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.

Мәдениет саласында да оң өзгерістер бар. 2022-2023 жылдары Жаңауыл, Маңырақ, Жетіарал, Құйған, Жаңатілеу ауылдарындағы мәдениет үйлеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2024 жылы Жаңаталап ауылдық клубы жөндеуден өтті.

Аудан бойынша барлық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарға музыкалық аппаратуралар сатып алынып, материалдық-техникалық база жаңартылды. Ақжар мәдениет үйіне LED экран, құрылмалы сахна, LED сахна кешені, «Шевролет» автокөлігі, 18 орындық «JAC» микроавтобусы, 8 орындық «Газель» автокөлігі, 31 орындық «Газ» автобусы сатып алынды.

Сонымен қатар, Тұғыл мәдениет үйінің сахнасы LED экранмен жабдықталып, қосымша жарық беру жүйесі орнатылды.

2025 жылға спорт және мәдениет саласы бойынша 753,5 млн теңгеге 9 жоба әзірленген. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу