ШҚО-да бірнеше жаңа спорт нысаны ашылады
Фото: anapaselena.ru
Шығыс Қазақстан облысында спортты дамытуға айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев облыс мәслихатының кезекті сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Былтыр өңірде барлығы 15 спорт нысаны пайдалануға берілген.
Биыл Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылады. Бұл қадам жергілікті тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануына жағдай жасау және белсенділігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар Марқакөл, Бозанбай, Таврия, Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында салынып жатқан денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы ерекше бақылауда. Бұл жобалардың құрылысы жуықта аяқталады.
Сонымен қатар, биыл Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешенінің және Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылында спорт модулінің құрылысы басталады.
Жаңа нысандар жергілікті тұрғындарға қазіргі заманға сай әртүрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді.