KZ
Өскемен
-32°
плотный туман жел 1 м/с, В
510.43 594.86 6.49

Самар ауданында «Балауса – 2» әскери-патриоттық лагері ашылды

25.06.2025, 16:30 255 Серік Құсанбаев

Самар ауданында мектеп оқушыларына арналған «Балауса – 2» әскери-патриоттық лагері өз жұмысын бастады. Жазғы демалысты пайдалы өткізуге арналған бұл жоба – балаларға патриоттық тәрбие беріп, елге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Балалар ашылу салтанатында өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биден концерттік бағдарлама ұсынды. Іс-шара көтеріңкі көңіл күй мен достық атмосферада өтті.

Биылғы маусымда лагерьде 100 мектеп оқушысы демалады. Олар үшін түрлі әскери-патриоттық сабақтар, спорттық ойындар, тәрбие сағаттары ұйымдастырылмақ. Мұндай лагерьлер — оқушылардың бойына елжандылық, тәртіп, жауапкершілік және бірлік сияқты қасиеттерді сіңіруге үлкен сеп болады.

«Балауса – 2» лагері — жазғы демалыс пен тәрбиені ұштастырып, жас буынды отансүйгіштікке баулитын тиімді алаң.

Фото: Самар ауданы әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу