Сібе көлдерінде жоғалған бала аман-есен табылды
Фото: ШҚО ПД
Шығыс Қазақстан облысындағы Сібе көлдері маңында жоғалып кеткен 8 жастағы бала полицейлердің көмегімен табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға демалыс базаларының бірінде болған. Анасының айтуынша, серуендеп жүрген бала бір сәтте көзден таса болып кеткен. Ата-анасы бірнеше сағат бойы өз күштерімен іздеген, бірақ нәтиже болмаған соң жағалауда патрульде жүрген полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.
Іздестіру жұмыстарына сол маңда кезекшілікте болған барлық құқық қорғау қызметкерлері дереу жұмылдырылды. Көп ұзамай баланы аға лейтенант Ерсін Сұлтанов тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.
Полиция қызметкерлері су айдындары маңында балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.