Өскеменде жоғалып кеткен жеткіншек аман-есен табылды
Фото: Өскемен қалалық ПБ
4 қыркүйек күні сағат шамамен 21.00 кезінде 102-ші жедел арнаға жергілікті тұрғын жүгініп, 11 жастағы баласының жоғалып кеткенін хабарлаған.
Әйел адамның айтуынша, жеткіншек аулаға ойнауға шығып, жоғалып кеткен. Ата-анасы өз бетінше іздегенімен еш нәтиже болмаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Буран-19" экипажының қызметкерлері, аға лейтенант Манарбек Әубәкіров пен полиция лейтенанты Самат Рустамов арада 20 минут өткенде баланы қаланың жанармай құю станцияларының бірінен тапқан.
Полиция қызметкерлері азаматтарға кәмелетке толмаған балаларға мұқият болу және бала немесе жақын туыстары жоғалып кеткен жағдайда өз бетінше іздеуге уақыт жоғалтпай, дереу 102 арнасына хабарласу керектігін ескертеді.