KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Өскеменде жоғалып кеткен 6 жастағы бала табылды

19.09.2022, 11:27 190

Өскеменде аулаға ойнауға шыққан алты жастағы бала жоғалып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл оқиға 18 қыркүйекте болған. Полицияға 35 жастағы қала тұрғыны кешкі сағат төрт шамасында хабар берген.

– Патрульдік полиция қызметкерлері кіші лейтенант Медет Жанапин мен аға лейтенант Рауан Баймолдин баланы Республика алаңынан тауып, туған-туыстарына жеткізді. Бала аман-есен, денсаулығына ешқандай зақым келмеген, – деді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу